«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төтенше жағдайда адамның қауіпсіздігі мен қорғану тәсілдері» тақырыбы бойынша өткізген сынып сағаттары туралы ақпарат

31.01.2021

 «Төтенше жағдайда адамның қауіпсіздігі мен қорғану тәсілдері»

тақырыбы бойынша өткізген сынып сағаттары туралы ақпарат

 

 «Адамның ең қымбатты нәрсесі – Өмір»

девизімен біздің мектебімізде апталық өтті

 

Аталған іс-шараның басты мақсаты: төтенше жағдайда ережелерді бекіту және оқушыларда өз өміріне мен басқа адамның өміріне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

«Төтенше жағдайда адамның қауіпсіздігі мен қорғану тәсілдері» атты тақырыптық сынып сағаттары өтті. Сынып сағаты барысында видеосабақтар, презентациялар көрсетіліп,  төтеенше жағдайдағы қауіпсіздікті сақтау ережелері айтылды.

 

Мұғалімдер төтенше жағдайда кездесетін жағдайлар  туралы қызықты және танымдық материалдар дайындады. Сабақта оқушылар жұмбақтар, ребустар шешіп, тақырыпты қозғайтын шығармаларды естеріне түсірді. Соңында оқушылар «Спасик және оның достары» атты мультфильм көрді. Мультфильмді мұқият пен қызығушылықпен қарады.

 

Жолда жүру қатысушыларының категориясында балалар ерекше орын алады. Балалардың жас ерекшеліктері мен психоэмоционалдық жағдайына байланысты аталған категория ерекше назарды талап етеді. Бала айналадағы өмірді тану барысында, көпетеген жағдайларға тап болады. Педагог пен ата-аналардың рөлі басты болып саналады. Педагог пен ата-ана  ең алғашқы жолда жүру ережелер мен жолда кездесетін қауіпті жағдайлар мен олардан аман-есен шығу тәсілдерін көрсетіп, айтады. 

3 –сынып оқушылары мультфильмдердің кейіпкерлері бойынша жолда жүру ережелері тестілеуін өтті. Төтенше жағдайда сақтану ережелері мен жолда жүру ережелері тақырыбына суреттер бен коллаждар дайындады. Сынып сағаттың соңында оқушылар келесі қорытындыға келді: «Өміріміз қызықты және қауіпсіз болу үшін – жолда жүру ережелері мен төтенше жағдайда сақтану шараларын  сақтап, қолдану керек».

Бастауыш сынып мұғалімі: Е.С. Конюхова

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст