Кәсіби бағдар беру кездесуі

16.09.2025

11 қыркүйек күні  Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебінде 10–11 сынып оқушыларымен университет пен колледж түлектерінің кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесудің тақырыбы: «Болашақ бүгіннен басталады: мамандыққа жол».

Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлегі Пушкарёва А.В. және Көкшетау жоғары медициналық колледжінің түлегі Хлыстов Д.А. қатысты.

Түлектер өздерінің мамандық таңдау тәжірибелерімен бөлісіп, университет пен колледжде оқудың ерекшеліктері, жұмысқа орналасу барысы туралы әңгімеледі.

Оқушылар белсенді түрде сұхбатқа қатысып, сұрақтар қойды, оқуға түсу талаптарына, сұранысқа ие мамандықтарға және түрлі салалардың болашағына қызығушылық танытты.

Просмотров: 5616


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу