Мұражайға саяхат

29.10.2025

Біздің мектептің оқушылары аудандық мұражайға экскурсия жасады.
Іс-шара Қазақстан Республикасының күніне арналды.

Экскурсия барысында оқушылар Сандықтау өңірінің тарихымен танысып, ұлттық мәдени мұрамыз туралы мол мағлұмат алды. Бұл сапар олардың бойында Отанға деген мақтаныш сезімін оятып, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпаққа тәуелсіз Қазақстанның тарихын терең түсінуге және оны қадірлеуге тәрбиелейді.

Просмотров: 9590


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу