15.01.2026
Кәсіптік бағдар беру кездесуі
2026 жылғы 13 қаңтарда Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушылары 10-11 сынып оқушыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және мамандар даярлау бағыттары таныстырылды.
Әсіресе оқуға түсу шарттарына, қабылдау ережелеріне, ҰБТ-ға қажетті пәндерге, сондай-ақ грант алу мүмкіндіктері мен студенттік өмірге қатысу жолдарына ерекше назар аударылды. Оқытушылар жоғары сынып оқушыларын қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, пайдалы ақпараттық материалдар ұсынды.
Кездесудің мақсаты - оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар беру және өңірдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірінде білім алу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру жүргізілді.