«Көрісу күні» – Наурыз мерекесінің бастауы

13.03.2026

Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде ұлттық дәстүрге айналған «Көрісу күні» атап өтілді. Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, жақсы тілектер айтып, көктемнің келуін қарсы алатын ерекше мереке.

 

Бұл күні оқушылар мен мұғалімдер бір-бірін құттықтап, денсаулық, өркендеу және сәттілік тіледі. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысты, көрісу күнінің маңыздылығын түсінді және салтанатты іс-шараларға қатысты.

Мұндай іс-шаралар ұлттық дәстүрлерді насихаттайды, оқушылардың мәдениетке деген құрметін арттырады және мектеп ұжымын біріктіреді.

Просмотров: 12955


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу