Текст
Абайлаңыз, су тасқыны!
Су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама өткізу мақсатында оқушылар арасында педагогтармен "Көктемгі су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік ережелері" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Ата-аналар жиналысында әлеуметтік педагог К. П. Санбаева су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті сақтау, сабақтан тыс уақытта балаларға ата-аналық бақылауды күшейту мәселелері бойынша ата-аналар алдында сөз сөйледі.
Оқушылармен әңгімелесу үшін Сандықтау ауылдық округінің әкімі Жунусов Ф.А., учаскелік инспектор полиция капитаны Магауов А. Е. шақырылды, олар көктемгі су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы балаларға мәлімет берді.