«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаларға қамқорлықпен

28.01.2020

Балаларға қамқорлықпен

Сандықтау орта мектебінде 18 жасқа дейінгі балаларды тексеріп, даму ерекшеліктерін зерттеп, диагноз қою және емдеуге, оқуға, әлеуметтік ортаға бейімделуге қолайлы орта жасау мақсатында психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңес мамандары қабылдау өткізді.

Кеңес мамандары алдын ала мектеп әкімшілігі жіберген өтінімге байланысты келді. Олар ерекше білім беру қажеттілігі бар, соның ішінде мүгедектігі бар 22 баланы тексерді. Алдыңғы тексеріс кезінде мамандарға жіберілген 4 оқушы есептен алынды, Сандықтау орта мектебінің жанындағы шағын орталықтан 3 тәрбиеленуші Балкашино селосындағы түзету орталығына жіберілді.

ПМПК мамандары ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға білім беруде және тәрбиелеуде дұрыс және оңтайлы жағдай жасауға кеңес берді, бірақ соңғы шешімді ата-аналар қабылдайды.

ПМПК білім бөлімдері, мектеп әкімшіліктерімен тығыз байланыс жасайды, жергілікті жерлерде қажеттілікке сай түзету сыныптары мен орталықтарын ашуға, педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуге ықпал жасайды. Өйткені әр баланың қабілеті мен денсаулығының жағдайына қарамастан қолайлы жағдайда білім алуға құқығы бар. Мектеп алды жастағы балаларға түзету жұмыстары бойынша көмек уақытында көрсетілсе, болашақта мектепке барған кезде қиыншылықтарға төтеп беруге мүмкіндік береді.

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст