«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер онкүндігі

22.09.2023

Тілдер онкүндігі

            Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай онкүндік бекітілген жоспар бойынша 5-15 қыркүйек аралығында өткізілді.

            5 қыркүйекте «Үштілділік – уақыт талабы» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара дөңгелек үстел түрінде өтті.

             Онкүндік аясында кітапханашы А.К.Чубарьдың ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті. 7 қыркүйек күні мектеп кітапханашысы Тіл апталығына арналған 4 және 5 сыныптар арасында викторина өткізді.
             Орыс тілі мұғалімдері «Әдеби музыкалық шығарма» бағыты бойынша «Театрдың ғажайып әлемі» аудандық театр байқауына оқушыларды дайындап, қатысты.
            6 қыркүйек күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурбаева Г.У. «Сен орыс тілін білесің бе?» викторинасын өткізді. Викторинаның кезеңдері логикалық тұрғыдан өзара байланысты болды. Уақыт ұтымды бөлінді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас ынтымақтастық пен өзара түсіністік сипатында болды. 6-сынып оқушылары викторинаның барлық кезеңдерін белсенділікпен және ынтамен орындады. Шара соңында барлық балалар белсенділік танытқандары үшін тәтті сыйлықтарға ие болды.
            7 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шарипов М.С. 7-сыныпта Мажан Жұмабаев ««Қазақ тілі» өлеңі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар тапсырмаларды орындау үшін бар күштері мен білімдерін салды. Жаңа материалды меңгерді. 
            8 қыркүйекте 10-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Абдуова Е.Қ. «Мамандықтар әлемінде» таұырыбында сабағын өткізді, оның барысында балалар заманауи және сұранысқа ие мамандықтар туралы бейнероликті тамашалады, сонымен қатар өздерінің ұнатқан мамандықтары туралы кластер дайындап, еңбек туралы мақал-мәтелдердегі жасырын сөздерді тапты, сөйлемдер құрастырды.
            13 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Б.  Белгубаева 4 «Б» сыныбында сайыс ойынын өткізді. Шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, өзара сайысқа түсті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды. Әр кезеңді оқушылар өздері бағалап, қорытындылады. Осы сайыстың арқасында оқушылардың мемлекеттік  тілге деген қызығушылығы артты.
            14 қыркүйекте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.А.Колпакиди 9-сыныпта «English Time» сыныптан тыс іс-шарасын өткізді.
Викторина барысында оқушылар жоғары эрудицияны көрсетті, сонымен қатар әртүрлі білім салаларынан жаңа және қызықты фактілер мен құбылыстарды білді. Әр түрлі білім саласы бойынша викторина түрінде ұсынылған сыныптан тыс іс-шара оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ой-өрісін кеңейтіп, ойында ұжымдық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын дамытып, өзара көмек, бір-біріне деген ізгі ниеттерін қалыптастырды.
            18 қыркүйекте 5-11 сыныптар арасында жалпы мектепішілік жиында Тілдер онкүндігінің қорытындысы шығарылды. Белсенді оқушылар мақтау қағаздарымен ынталандырылды.

Просмотров: 7217


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст