«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің мақтанышымыз!

14.02.2024

Біздің мақтанышымыз!

2024 жылғы 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында "Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 11-сынып оқушысы Красноштанова Ангелина Норвегияның Лофтхус қаласында қол күресінен Әлем кубогына қатысып, сол және оң қолында 1 орын алып, абсолютті чемпион атанды. Бапкер Тюков Дмитрий Николаевичтің басшылығымен Ангелина үшінші жыл армрестлингпен айналысады.

Туған мектебінің қабырғасында Ангелинаны мұғалімдер, оқушылар мен сыныптастары ғана қарсы алып қоймай, құрметті қонақтар: Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары С.С.Жайылғанова, білім бөлімінің басшысы А. О. Абенова, аудандық мәслихат депутаты Н. В. Тамбовцева жеңісімен құттықтауға келді. Сандықтау ауданының әкімі Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлының атынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Тамбовцева Наталья Викторовна Ангелинаны қол жеткізген жеңісі үшін ақшалай сыйлықпен марапаттады, еңбекқорлығы мен мақсатына адалдығы үшін мақтады.

Ангелина, Сізді жеңісіңізбен, керемет нәтижемен құттықтаймыз! Сізге одан әрі жеңістер тілейміз!

Просмотров: 2829


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст