«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мұғалімдер мен оқушылардың Bilimland платформасы арқылы жұмысы

18.09.2020

Мұғалімдер мен оқушылардың Bilimland платформасы арқылы жұмысы

            Оқу жылының басталуымен қашықтықтан оқытуға арналған елімізде бірқатар білім беру платформалары жұмыс істей бастады. Олардың әрбіреуі онлайн оқытумен қоса, дайын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сабақты дәстүрлі және қашықтықтан өткізу – әр түрлі үдерістер. Сондықтан кез келген педагогтан аса шеберлікті талап етеді.

            Bilimland платформасы мектептерде кеңінен қолданылатын ресурстардың бірі. Бірнеше жылдар бойы мектебіміздің мұғалімдері аталған портал арқылы күнделікті сабақтарында қолданған еді, енді бүгінгі күні енгізіліп отырған қашықтықтан оқыту кезінде бұл портал арқылы сабақ өткізу тиімді әрі қолжетімді.

            Bilimland – инновациялық ресурс, оны қолдану арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылықтары артты. Әр тақырып жөнді қолданылған, берілген материал балалар үшін түсінікті. Оқушылар алған білімдерін жаттығулар, тестілер арқылы тексере алады, ал мұғалімдер орындалған тапсырмалар арқылы оқушылардың материалды қаншалықты меңгергенін бақылай алады.

            Аталған порталда өте қызықты, танымды материалдар қолданылады. Мұғалімге жаңа сабақпен таныстыру, балалардың білімін бағалау ыңғайлы. Өтілген тақырыптан кейін тестілеу арқылы оқушылардың білімін бағалап, кері байланыс орнату ыңғайлы.

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст